From Wikipedia, the free encyclopedia
Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы атамекені Оңтүстік-батыс Қазақстан аймағы мен Сырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пен Қаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғыз тайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияның төменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж. Зарафшан мен Нұрата тауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды Тоғрылбек (1038 — 63) пен Шағрыбек (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алып-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах I (1072 — 92), Санжар сұлтан (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды[2][3][4].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.